Қазақстандық шахматшы беделді жарыста топ жарған еді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess 2026 турнирінің марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемдегі ең беделді турнирлердің бірінің баспасөз қызметінің Instagram аккаунтында ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің видеосын жариялады. Кадрда Norway Chess 2026 чемпиондары, қазақстандық Бибісара Асаубаева мен үндістандық гроссмейстер Прагнанандха Рамешбабу естелікке алған мүсіндерімен суретке түскен.
Norway Chess Women 2026 турнирі 25 мамырда басталып, 5 маусымда Норвегияның Осло қаласында аяқталды. Асаубаева мүмкін болатын 30 ұпайдан 16,5 ұпай жинап, осы беделді турнирде жеңіске жеткен алғашқы Қазақстан өкілі болды. Турнирдің классикалық бағдарламасы аясында қазақстандық 10 ойын өткізді, оның 3-інде жеңіске жетті, 1-інде жеңіліс тапты және 6 рет тең ойнады.
Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 халықаралық турнирінде чемпион атанды
Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирінде қанша табыс тапты?