Қазақстан U-17 құрамасы жолдастық матчта Әзербайжанды ірі есеппен жеңді
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанға қарсы өткен жолдастық кездесуде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері Ғабала қаласындағы алғашқы жолдастық матчты 5:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Біздің команда құрамында Роман Черноморец, Тамерлан Сарсымбаев, Бекасыл Қанат және дубль авторы атанған Әнуар Төленді мергендік танытты.
Әзербайжан және Қазақстан U-17 құрамалары арасындағы екінші кездесу 9 маусым күні өтеді.
Әзербайжан U-17 – Қазақстан U-17 – 2:5
Голдар: Черноморец, Сәрсембаев, Қанат, Төленді (дубль).
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Армениямен тең тарқасты
Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу тобында көш бастады
Қазақстан U-17 құрамасының аға бапкері: Басты мақсат – элиталық кезеңге шығу