Әлемнің үшінші ракеткасы«Ролан Гаррос» финалына шықты

Әлемнің үшінші ракеткасы«Ролан Гаррос» финалына шықты

Әлемнің үшінші ракеткасы, неміс теннисшісі Александр Зверев «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің жартылай финалында жеңіске жетіп, шешуші матчқа жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зверев чех теннисшісі Якуб Меншикті төрт сетте 7:5, 6:2, 3:6, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 3 сағат 1 минутқа созылды.

Бұл оның Париждегі корттарда екінші рет финалға шығуы және «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі төртінші финалы болып отыр.

Айта кетелік, финалда ол Италия өкілдерінің бірімен ойнайды. Шешуші матчқа жолдама Флавио Коболли мен Маттео Арнальди арасындағы кездесуде анықталады.

Бублик әлемдік рейтингтің үздік ондығынан шығып қалады




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или