Бес қазақстандық балуан Моңғолиядағы турнирде қола жүлде үшін күреседі
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингілік турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстан атынан жарыс жолына шығатын грек-рим және әйелдер күресінің балуандары қола медаль үшін сынға түседі.
Грек-рим күресінен Еркебұлан Ардақов 63 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Хёнун Чхвемен белдеседі.
Ал 130 келіге дейінгі салмақта Олжас Сырлыбай үндістандық Джогиндер Ратхимен қола жүлдені өзара сарапқа салады.
Әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова 50 келіге дейінгі салмақта Ниламмен (Үндістан) өзара мықтыны анықтайды.
57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова қола жүлде үшін өтетін белдесуде Даниэль Сью Чинг Лиммен (Сингапур) күреседі.
Ал Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Одгэрэл Эрдэнэ-Очирмен күш сынасады.
Күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан 14 медаль еншіледі
Рейтингтік турнирге қатысатын Қазақстан балуандары белгілі болды