Қазақстандық балуан рейтингтік турнирде жүлдеден тыс қалды
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грек-рим күресінен 72 келіде Сұлтан Әсетұлы ел намысын қорғады. Ол ширек финалда ирандық Мұхамед Резаиден 10:0 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен отандасымыз жұбаныш белдесуі арқылы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Бірақ қола медаль үшін тартыста қырғыз балуаны Жантора Мирзалиевтен 11:5 есебімен ұтылып, жүлдеден тыс қалды.
Айта кетейік, бұған дейін 97 келіде Нұрасыл Аманалы ел қоржынына күміс жүлде салған еді.
Күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан 14 медаль еншіледі
Рейтингтік турнирге қатысатын Қазақстан балуандары белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или