Олимпиада жүлдегері Ризабектің құрлықтық додада алтын алу мүмкіндігіне тоқталды

Олимпиада жүлдегері Ризабектің құрлықтық додада алтын алу мүмкіндігіне тоқталды

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков Қазақстан құрамасының Ризабек Айтмұқанды Азия чемпионаты-2026 жарысына қоспау туралы шешімін сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәжірибелі маманның пікірінше, әлем чемпионы атанған Ризабек құрлықтық додада алтын медаль үшін таласа алатын еді. Оның айтуынша, мұндай деңгейдегі балуанға қосымша жарыс ешқашан артық болмайды және халықаралық турнирлер тәжірибе жинауға көмектеседі.

Айта кетелік, Бішкекте өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы еркін күрестен екі қола медальмен шектелді. 97 келіге дейінгі салмақта Айтмұқанның орнына шыққан Бекзат Үркімбай жүлдеге іліге алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или