Қазақстандық классиктер Азия чемпионатында үздік үштіктен көрінді
Вьетнамның Дананг қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Қазақстан балуандары бұл турнирде 8 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 4 күміс және 2 қола.
Чемпион атанғандар:
– Айбек Айтбеков (60 кг дейін)
– Ислам Евлоев (97 кг дейін)
Күміс жүлдегерлер:
– Нұрмұхаммед Ибрахим (72 кг дейін)
– Алихан Дурсунов (77 кг дейін)
– Ерасыл Жеңіс (87 кг дейін)
– Джохар Узаров (130 кг дейін)
Қола медаль иегерлері:
– Диас Нураков (63 кг дейін)
– Кирилл Минько (82 кг дейін)
Жалпы есепте бірінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе, екінші орын Қырғызстанға бұйырды.
Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстан Азия чемпионатында күрестен екі алтын жеңіп алды
Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды