Қазақстандық қорғаушы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін
Қазақстандық қорғаушы Лев Скворцов алдағы маусымда мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
AmanVIBE арнасының ақпаратына сенсек, 26 жастағы футболшы Қарағандының «Шахтер» клубымен 2,5 жылдық келісімшарт шарттарын келісіп қойған. Дегенмен, әлі нақты шешім қабылданбаған.
Скворцовқа бұдан бөлек Қазақстан Премьер-лигасының тағы үш клубынан ұсыныс түскені де айтылды. Осылайша ойыншы алдында ұзақмерзімді жоба саналатын «Шахтерді» немесе ҚПЛ-дегі басқа қысқа мерзімді нұсқаларды таңдауға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, бұған дейін Лев Скворцов Түркияның «Серикспор» клубында өнер көрсеткен.
Мереке қарсаңында ұлттық құрама футболшылары бүлдіршіндермен кездесті
«Тобыл» франциялық ойыншымен келісімшартқа отырды
«Астана» осы айда жолдастық матч өткізеді