ҚФФ мен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы меморандумға қол қойды

ҚФФ мен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы меморандумға қол қойды

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Құжат ерікті қан донорлығы мәдениетін дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меморандум аясында тараптар донорлыққа қатысты іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, бастамаларды ақпараттық тұрғыдан қолдау және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу бағытында жұмыс жүргізеді.

Ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан футбол федерациясы өз ақпараттық ресурстары арқылы ерікті донорлық қозғалысты және салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысады. Ал Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы донорларға сапалы қызмет көрсетіп, іс-шараларға қатысушыларға қажетті қолдау көрсетуді және өз алаңдарында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар тараптар ерікті қан донорлығының маңызы мен салауатты өмір салты туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған ортақ ақпараттық-білім беру алаңын дамытуға ниетті.

Мереке қарсаңында ұлттық құрама футболшылары бүлдіршіндермен кездесті

«Тобыл» франциялық ойыншымен келісімшартқа отырды

«Астана» осы айда жолдастық матч өткізеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или