«Ордабасы» норвегиялық футболшыны қатарына қосады
«Ордабасы» алдағы трансфер кезінде жаңа легионер алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шымкенттік клуб Бьорн Ионсен атты норвегиялық шабуылшыны сатып алу нұсқасын қарастыруда. 34 жастағы форвард Еуропада мол тәжірибе жинаған ойыншы.
Ол Нидерландтың АЗ клубында 26 матч өткізіп, 7 гол соққан. Ал шотландиялық «Хартс» сапында 37 матчта 7 гол мен 7 нәтижелі пас авторы атанды. Йонсеннің ең сәтті кезеңдерінің бірі грузиялық «Торпедо» клубында өтті. Үш маусымда ол 79 матчта 49 гол соқты. Оның үстіне былтыр дәл осы ойыншы Еурокубокта «Ордабасының» қақпасына дубль жасап кеткен болатын.
Норвегиялық шабуылшының соңғы клубы Сауд Арабиясының «Аль-Вехдасы» болды. Онда 17 матч өткізіп, 6 гол соқты.
Ал Ионсен Норвегия құрамасының сапында 16 ойында 5 гол салған.
«Тобыл» франциялық ойыншымен келісімшартқа отырды