Ұлттық құрама футболшылары бүлдіршіндерге мерекелік көңіл сыйлады

Ұлттық құрама футболшылары бүлдіршіндерге мерекелік көңіл сыйлады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары Нұралы Әліп, Сергей Малый, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Жасұлан Әмір және Мағжан Тоқтыбай Шымкент қаласындағы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ұлттық құрама ойыншылары балалармен бірге уақыт өткізіп, жасыл алаңда доп тепті. Балалар футболшылармен еркін әңгімелесіп, естелік суретке түсіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, оларды спортпен шұғылдануға ынталандыру болды. Футболшылар өз тәжірибелерін бөлісіп, балаларға жылы лебіздерін жеткізді.

Кездесу соңында ұлттық құрама ойыншылары балаларға Қазақстан құрамасының жейделері мен арнайы естелік сыйлықтар табыстады.

Қазақстан футбол федерациясы барша бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтайды. Әр баланың балалық шағы бақытқа толы болып, армандары орындалып, болашағы жарқын болсын!

Еурокубок: «Елімайдың» ықтимал қарсыластары анықталды

«Астана» осы айда жолдастық матч өткізеді

ҚПЛ: 12-тур ойындары қалай өтті?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или