Джиу-джитсудан ӘЧ: Қазақстан екі алтын және бір қола медаль алды

Джиу-джитсудан ӘЧ: Қазақстан екі алтын және бір қола медаль алды

Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ-тың Калифорния штатында өтіп жатқан Worlds 2026 әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

70 келіге дейінгі салмақта қоңыр белбеу иесі Алинұр Қуатұлы әлем чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан, Орталық Азия және ТМД елдері тарихындағы аталған санаттағы алғашқы алтын медаль. Сондай-ақ 76 келіге дейінгі салмақта Сейілхан Болатбек қарсыластарынан басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.

Ал 64 келіге дейінгі салмақта Батыр Теңізбай қола жүлдеге ие болды.

Осылайша қазақстандық спортшылар әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғап, отандық джиу-джитсу тарихындағы ең маңызды жетістіктердің бірін тіркеді.

Қазақстандық спортшы Словениядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или