Швентек «Ролан Гарроспен» күтпеген жерден қоштасты
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Ига Швентек «Ролан Гаррос» турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Польшалық теннисші төртінші айналымнан аса алмады.
Ширек финалға шығу үшін өткен матчта Швентек украиналық Марта Костюкке екі сетте есе жіберді — 5:7, 1:6.
Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды.
Осы жеңістің арқасында Костюк турнирдің үздік сегіз теннисшісінің қатарына енді.
Жартылай финал жолдамасы үшін украиналық спортшы Элина Свитолина мен Олимпиада чемпионы Белинда Бенчич арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Ал Ига Швентек үшін бұл жеңіліс маусымдағы ең маңызды жарыстардың біріндегі күтпеген нәтиже болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или