Иван Башич «Астанадан» кетіп, Еуропаға ауысуы мүмкін

Иван Башич «Астанадан» кетіп, Еуропаға ауысуы мүмкін

«Астананың» жартылай қорғаушысы Иван Башич жазғы трансферлік кезеңде Болгарияға ауысуы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.

Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысына Софияның «Левски» клубы қызығушылық танытып отыр. Мәліметтерге сәйкес, болгариялық клуб футболшы үшін шамамен 2,5 миллион еуро көлемінде алғашқы ұсынысты жасаған.

Алайда елордалық клуб Башичпен қоштасуға асығар емес. «Астана» басшылығы футболшының алдағы әлем чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсетіп, трансферлік құнының өсе түсетініне сенім артып отыр.

24 жастағы хавбек биылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 10 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген. 

Айта кетелік, ол «Астанамен» 2028 жылдың соңына дейін келісімшартқа отырған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или