Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек ұлттық құрамаға шақырылды

Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек ұлттық құрамаға шақырылды

Грозныйдың «Ахмат» клубы қазақстандық футболшылар Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебектің ұлттық құрамаға шақырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың мәліметінше, екі ойыншы Қазақстан құрамасының жазғы оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін команда орналасқан жерден кеткен. Жиын аясында Қазақстан 6 маусымда Ереванда Арменияға, ал 9 маусымда Дебреценде Венгрияға қарсы жолдастық матч өткізеді.

Айта кетелік, «Ахматтың» тағы бірнеше ойыншысы да өз ұлттық құрамаларына шақырту алған. Олардың қатарында Ресей, Ангола, Албания және Буркина-Фасо құрамаларының футболшылары бар.

ҚПЛ: 12-тур ойындары қалай өтті?

«Қайраттың» еурокубоктағы табысы қандай?

Қазақстандық қақпашы «Сабахпен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или