«Алтайдың» жартылай қорғаушысы Ибрагим Дадаевқа қызығушылық танытқандар бар

«Алтайдың» жартылай қорғаушысы Ибрагим Дадаевқа қызығушылық танытқандар бар

«Атырау» клубы «Алтайдың» жартылай қорғаушысы Ибрагим Дадаевқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы футболшы биылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасындағы барлық матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген. Статистикасы аса жоғары болмаса да, ол өскемендік клубтың негізгі ойыншыларының бірі саналады.

Алайда «Алтай» басшылығы жазғы трансферлік кезеңде көшбасшыларымен қоштасуды жоспарламай отыр. Клуб бұған дейін де негізгі футболшыларын сатпайтынын басқа командаларға жеткізген.

Айта кетелік, Дадаев «Алтайға» былтыр «SD Family» клубынан ауысқан. Бұған дейін «Қайрат-Жастар», «Шахтер» және «Хан-Тәңірі» командаларында ойнаған.

ҚПЛ: 12-тур ойындары қалай өтті?

«Қайраттың» еурокубоктағы табысы қандай?

Қазақстандық қақпашы «Сабахпен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или