«Ордабасы» футбол клубы қайтадан саудаға шығарылды

«Ордабасы» футбол клубы қайтадан саудаға шығарылды

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы қайтадан саудаға шығарылып, оның бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 мамырда клубты сату бойынша жоспарланған аукцион өтпей қалды. Себебі сауда басталған сәтте қатысушылардан бірде-бір өтінім түспеген.

Осыдан кейін клуб қайтадан электронды алаңға шығарылып, бағасы 30 пайызға төмендетілді. Енді «Ордабасы» 156,9 миллион теңгеге бағаланып отыр. Бұған дейін оның құны 224 миллион теңгеден асқан еді.

Айта кетелік, жаңа аукцион 16 маусымға белгіленді. Бұл жағдай қазақстандық футбол клубтарының қаржылық деңгейі туралы пікірталас туғызды.

ҚПЛ: 12-тур ойындары қалай өтті?

«Қайраттың» еурокубоктағы табысы қандай?

Қазақстандық қақпашы «Сабахпен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или