Арина Малиновская әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Қазіргі таңда Мюнхенде (Германия) нысана көздеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының өкілі Арина Малиновская 50 метр қашықтықтан үш қалыпта пневматикалық винтовкадан оқ ату сайысында финалға дейін жетті.
Шешуші сында қазақстандық спортшы сегізінші орын алды.
Аталған бағдарламада Жанетт Хегг Дуэстад (Норвегия) жеңіске жетті. Екінші орынды Шонейд Макинтош (Ұлыбритания) иеленді. Ал қола медальді Анна Янссен (Германия) жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или