Әншінің денсаулығына қатысты жаңа мәлімет шықты
Белгілі америкалық әнші Рэй Джей ММА-дегі дебюттік жекпе-жегінен кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәліметке сәйкес, спортшы Supa Hot Fire лақап атымен танымал файтерден нокаутпен жеңілгеннен кейін шамамен екі сағаттан соң дәрігерлер көмегіне жүгінген.
TMZ дерегінше, Рэй Джей қазірдің өзінде екі күн бойы ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның нақты диагнозын анықтау үшін тексерістер жүргізіп жатыр.
Дереккөздердің айтуынша, медицина мамандары әншінің миы шайқалған-шайқалмағанын тексеруде. Сонымен қатар оның жүрек соғысының баяулауына байланысты мәселелері байқалған.
Айта кетейік, Рэй Джейдің денсаулығында бұл жекпе-жекке дейін де қиындықтар болған. Биыл ол жүрек мәселелері мен өкпе қабынуына байланысты ауруханаға түскен еді.
Еске сала кетейік, әнші Brand Risk промоушеніндегі ММА ережесі бойынша өткен алғашқы жекпе-жегінде екінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.