Қазақстан құрамасының Рио Олимпиадасында киетін формасының дизайны бекітілді

Қазақстан құрамасының Рио Олимпиадасында киетін формасының дизайны бекітілді

Қазақстан құрамасының Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға арналған формасының дизайны бекітілді.

Бұл туралы ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті. Ведомствода спорт және шеру киімін дайындау бойынша отырыс болды. Бастапқыда комиссия елдің ұлттық құрамасына форма дайындау жөнінде мемлекеттік тапсырысты отандық компанияларда беріп, осылайша қазақстандық өндірушілерге жұмыс беру туралы шешім қабылдаған.

Комиссия отырысына Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев және ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері және тәуелсіз дизайнерлер қатысты. Комиссия мүшелері спорт киімінің дизайнын бекітті. Спорт киімінің таныстырылымы таяу күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или