Қазақстан соккадан Еуропа чемпионатына жолдама алды
Қазақстан құрамасы Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан соккадан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалдық матчта Қазақстан құрамасы Еуропа чемпиондары Польшамен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды 10-шы минутта Алексей Забогонский соқты.
Осылайша, Қазақстан құрлық чемпионатының жартылай финалына шығып, титул үшін күресін жалғастыруда.
Қоса кетейік, бұл додада Қазақстан 2024 жылы топ жарған еді. Өткен жылы ширек финалға дейін жетіп, Испанияға жол берген еді.
Сокка - 6х6 футбол нұсқасы. Ойындар 50х30 метрлік алаңда өткізіледі және 20 минуттық екі таймнан тұрады. Әр команда бір қақпашыдан және бес алаң ойыншысынан тұрады.
«Барселона» маусымды сәтсіз аяқтады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или