«Барселона» Ла Лига матчында жеңіліп қалды

«Барселона» Ла Лига матчында жеңіліп қалды

«Барселона» Испания чемпионатының 38-ші турының соңғы матчында сырт алаңда «Валенсиядан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Местальяда» өткен матч 3:1 есебімен аяқталды. «Валенсияның» голдарын Хави Герра (66-минут), Луис Риоха (71-ші) және Гвидо Родригес (90+7) соқты, ал «Барселонадан» Роберт Левандовски (61-ші) мергендігімен көзге түсті.

«Барселона» маусымды 94 ұпаймен аяқтады, ал «Валенсияның» еншісінде 49 ұпай бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Барселона» 2025/26 жылғы Испания чемпионатын мерзімінен бұрын жеңіп алған еді. Ханси Фликтің командасы 11 мамырда «Эль-Классикода» «Реал Мадридті» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, титулға қол жеткізді.


«Лестердің» жас вингері үшін күрес күшейді

«Манчестер Сити» Пеп Гвардиолаға құрмет көрсетеді

«Ливерпуль» қақпашысы италиялық клубқа ауысуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или