Бруну Фернандеш 2025/2026 жылғы маусымның үздік ойыншысы
«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш 2025/2026 жылғы маусымның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Ағылшын Премьер-лигасының баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.
«Тарихта қалатын маусым» деп жазды лига өкілдері әлеуметтік желідегі парақшасында.
Португалиялық жартылай қорғаушы осы маусымда АПЛ-да 34 матч өткізіп, сегіз гол соғып, 20 нәтижелі пас авторы атанды. Ол бір маусымдағы ассист саны бойынша чемпионат рекордын қайталады.
Маусым аяқталуына бір тур қалғанына қарамастан, Бруну Фернандештің көрсеткіші лигадағы ең үздік нәтиже ретінде бағаланды. Соңғы турда «Манчестер Юнайтед» 24 мамыр күні «Брайтонмен» кездеседі.
Айта кетелік, көп сарапшы бұл маусымда Фернандештің команда ойынын басқаруда ерекше рөл атқарғанын атап өтті. Оның тұрақты ойыны мен көшбасшылық қасиеті «Манчестер Юнайтедтің» нәтижесіне тікелей әсер етті.
«Оқжетпес» сырт алаңда үш ұпай еншіледі