«Фрайбург» — «Астон Вилла». Тікелей трансляция
Бүгін, 21 мамырға қараған түні Ыстамбұлдың «Бешикташ Парк» стадионында УЕФА Еуропа лигасының финалдық матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Германияның «Фрайбург» клубы мен ағылшындық «Астон Вилла» трофей үшін сынға түсетін болады. Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде осы сілтемеден және QazSport арнасынан көруге болады.
Германиялық клуб плей-офф кезеңінде мінез көрсетіп, финалға дейін жетті (жартылай финалда екі матчтың қорытындысы бойынша португалиялық «Брагадан» өтті: сырт алаңда 1:2 есебімен жеңіліп, үйде 3:1 есебімен жеңіске жетті). Ал бирмингемдіктер шешуші матчқа сөзсіз фаворит мәртебесінде келіп отыр. Ағылшындық клуб маусымның соңына қарай шабуылда керемет қарқын алды. 16 мамырда «Астон Вилла» АПЛ-дың әсерлі матчында «Ливерпульді» (4:2) жеңді, ал Еуропа лигасының жартылай финалында отандастары «Ноттингем Форесттен» сенімді түрде өтті (қонақтағы 0:1 жеңілісінен кейін үйде 4:0 есебімен ойсырата ұтты).
Қызығы, қос ұжым тарихта бір-бірімен тарихта алғаш рет кездеседі.
«Арсенал» Англия чемпионы атанды
Пеп Гвардиола «Манчестер Ситиден» кетеді