Қазақстандық теннисші бүгін литвалық қарсыласымен ойнайды
Швейцарияда қазақстандық теннисші Александр Бублик қатысып жатқан беделді турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің 10-ракеткасы жоғары рейтингінің арқасында Женевадағы ATP 250 турнирінің алғашқы айналымын өткізбей, бірден 1/8 финалға жолдама алды.
Келесі кезеңде Бублик литвалық 21 жастағы Эдас Бутвиласпен кездеседі. Қарсыласы ATP рейтингінде 253-орында тұр.
Матч бүгін өтеді және Қазақстан уақытымен 22:30-дан ерте басталмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или