Қазақстандық теннисші іріктеуде жеңілді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Страсбургтегі WTA 500 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу финалында әлемнің 77-ракеткасы украиналық Александра Олейниковаға жол берді. Матч екі сетте аяқталды — 4:6, 4:6.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Осы жеңілістен кейін Путинцева турнирдегі өнерін аяқтады. Ал Олейникова негізгі кезеңде ойынын жалғастырады.
Айта кетейік, Страсбург турнирі 17–23 мамыр аралығында өтеді. Жеңімпаз 500 рейтингтік ұпай мен 161 мың еуродан астам сыйақы алады.
Турнирдің қазіргі чемпионы — қазақстандық Елена Рыбакина.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или