Рыбакинаны қапы қалдырған теннисші WTA турнирін жеңіп алды
Әлемнің 10-ракеткасы Элина Свитолина осы маусымдағы екінші WTA турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда украиналық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауффты 6:4, 6:7, 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша Свитолина биылғы маусымдағы екінші титулын иеленді. Бұған дейін ол Оклендтегі турнирде де чемпион атанған болатын.
Айта кетейік, ширек финалда Свитолина қазақстандық Елена Рыбакинаны үш сетте жеңген еді — 2:6, 6:4, 6:4. Турнир барысында украиналық теннисшіге ең көп қарсылық көрсеткен қарсылас та Рыбакина болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или