«Ұлытау» «Каспийді» жеңді

«Ұлытау» «Каспийді» жеңді

Жезқазғанның «Ұлытау» клубы Қазақстан Премьер-лигасының оныншы турында «Каспиді» соңғы минуттарда жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Металлург» стадионында өткен кездесуде ұзақ уақыт бойы есеп ашылған жоқ. Бірінші таймда екі команда да сақ ойнап, қауіпті сәттер аз болды.

Үзілістен кейін алаң иелері белсендірек әрекет ете бастады. Ариагнер Смит бір эпизодта допты қақпа бағанасына тигізсе, «Каспи» сапындағы Ноа Ндомбаси тамаша мүмкіндікті пайдалана алмады.

Матчтың соңғы минуттары өте тартысты өтті. Ойыншылар арасында қақтығыс туып, кездесу қыза түсті. Ал негізгі уақытқа қосылған минуттарда Сергей Кейлер алыстан дәл соққы жасап, «Ұлытауға» жеңіс сыйлады. (1:0)

Айта кетелік, осы нәтижеден кейін жезқазғандық клуб 18 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал «Каспи» жеті ұпаймен төменгі қатарда қалып отыр.

ҚФФ өкілдері UEFA Share білім беру семинарына қатысты




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или