«Оқжетпес» 19 ұпай жинап, турнир кестесіндегі алғашқы үштікке көтерілді.
Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы Қазақстан Премьер-лигасының оныншы турында елордалық «Астананы» минималды есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесудің басында «Астана» белсендірек көрінгенімен, уақыт өте алаң иелері ойынды теңестіріп, қауіпті шабуылдар ұйымдастыра бастады. Бірінші таймда Борис Лотоцкий бұрыштамадан кейін гол соққан еді, алайда бейнеқайталау жүйесінен кейін төреші голды есепке алмады.
Соған қарамастан, украиналық қорғаушы бірінші таймға қосылған минуттарда тағы да мергендігімен көзге түсіп, «Оқжетпесті» алға шығарды.
Екінші таймда екі команда да гол соғатын мүмкіндіктерге ие болды, бірақ есеп өзгерген жоқ. Матч 1:0 есебімен аяқталды.
Айта кетелік, осы жеңістен кейін «Оқжетпес» 19 ұпай жинап, турнир кестесіндегі алғашқы үштікке көтерілді. Ал «Астана» 15 ұпаймен бесінші орында қалды.
ҚФФ өкілдері UEFA Share білім беру семинарына қатысты
Қазақстандық маман Еуропа лигасы финалының делегаты болып тағайындалды
Қазақстан жастары маусымда екі матч өткізеді