Фернандеш Давид Де Хеа мен Криштиану Роналдудың көрсеткішінен асып түсті

Фернандеш Давид Де Хеа мен Криштиану Роналдудың көрсеткішінен асып түсті

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қақпашысы Давид Де Хеа Бруну Фернандештің жаңа рекордына көзқарасын әзілмен жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалиялық жартылай қорғаушы бесінші рет клубтың маусымдағы үздік ойыншысы атанып, Давид Де Хеа мен Криштиану Роналдудың көрсеткішінен асып түсті. Бұған дейін екеуі де бұл марапатты төрт реттен жеңіп алған болатын.

Клуб әлеуметтік желіде Бруну Фернандештің жетістігін жариялағаннан кейін Давид Де Хеа пікір қалдырып, футболшының есімін және ортаңғы саусақ эмодзиін жазған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, испаниялық қақпашы «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін де Бруну Фернандешпен әлеуметтік желі де жиі әзілдесіп тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или