Михаил Габышев мансабын аяқтады
36 жастағы Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Михаил Габышев футболдан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Михаил Габышев Қазақстан Премьер-лигасындағы дебютін 2009 жылдың 14 қыркүйегінде Ақтөбеде өткен «Ақтөбе» - «Восток» матчында жасады. Ол 85-минутта Вячеслав Эрбестің орнына алаңға шықты. Ол «Восток» сапында барлығы 21 ойын өткізді.
Ол сондай-ақ «Атырау» (9 матч), Қарағандының «Шахтер» (141 матч, 6 гол соқты), «Каспий» (15 матч, 1 гол), «Астана» (11 матч, 1 гол) және «Елімай» (17 матч) командаларында ойнады.
Ол Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 210 ойын өткізіп, 9 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Михаил Габышев сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында 12 ойын өткізіп, 1 гол соқты.
Қазақстан кубогы: Жартылай финал матчтары өтетін күн анықталды
«Астана» ойыншысы әлем чемпионатына барады
Ламин Ямаль тарихи жетістікке жетті