Роберто Мартинес: Криштиану әлі де жеңіске қатты ұмтылады

Роберто Мартинес: Криштиану әлі де жеңіске қатты ұмтылады

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес Криштиану Роналдудың ұлттық командадағы рөліне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мартинес Сауд Арабиясы чемпионатындағы «Әл-Наср» мен «Әл-Хиляль» арасындағы матчқа барып, Роналдудың ойынына баға берген. Оның айтуынша, шабуылшының жеңіске деген құлшынысы әлі де бар.

«Криштиану әлі де жеңіске қатты ұмтылады. Оның деңгейі Сауд Арабиясына келгеннен бері төмендеді деп айта алмаймын. Ол Португалия құрамасы үшін маңызын дәлелдеуді жалғастырып келеді»  деді Роберто Мартинес.

Сонымен қатар, маман ұлттық құрамада орын алу үшін тек өткен жетістіктер жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның сөзінше, әрбір футболшы команда нәтижесіне нақты үлес қосуы тиіс.

Айта кетелік, Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының K тобында Конго Демократиялық Республикасы, Колумбия және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.

Федерико Вальверде «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или