Грек-рим күресінен алғашқы жеңімпаздар анықталды
Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Турнирдің алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен бес салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
55 келіге дейінгі салмақта Қызылорда облысының өкілі Алпамыс Дастанбек жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ақтөбе облысынан Арсен Жұма иеленді. Қола жүлде Марлан Мұқашев пен Ерасыл Мұсанға бұйырды.
67 келіге дейінгі салмақта Астана қаласының балуаны Бағдат Сабаз топ жарды. Жамбыл облысының спортшысы Ержет Жарлыкасын күміс медаль жеңіп алды. Үшінші орын Дінмұхамед Қошқар мен Динислам Сағитжанға берілді.
72 келіге дейінгі салмақта Алматы облысының өкілі Мәди Данелов чемпион атанды. Күміс жүлдені Солтүстік Қазақстан облысынан Данияр Кәленов иеленді. Ал Мерей Бекенов пен Әділхан Сатаев қола медаль алды.
87 келіге дейінгі салмақта алматылық Шамиль Ожаев жеңіске жетті. Қостанай облысының спортшысы Тимур Оспанов екінші орын алды. Нұрсұлтан Тұрсынов пен Ислам Евлоев үздік үштікті түйіндеді.
130 келіге дейінгі салмақта Қызылорда облысының балуаны Олжас Сырлыбай чемпион атанды. Шымкенттен келген Әлімхан Сыздықов күміс жүлдеге ие болды. Қола медаль Алишер Ерғали мен Асылбек Жәнібекұлына бұйырды.
Айта кетейік, Қазақстан кубогының қорытындысы бойынша халықаралық ірі жарыстарға қатысатын ұлттық құраманың тізімі жасақталады.