Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы қарсыласы: Бұл жағдай оның мансабында мәңгі қалады
Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы қарсыласы Дензел Бентлидің бапкері әрі менеджері Мартин Бауэрс қазақстандық боксшының допинг дауы оның мансабына ауыр соққы болғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Британдық маманның сөзінше, мельдоний табылғаннан кейін IBF Әлімханұлын чемпиондық белбеуден дұрыс айырған, ал WBO-ның титулды сақтап қалуы түсініксіз шешім болған.
«Енді ол бұрынғыдай “таза боксшы” ретінде қабылданбайды. Бұл жағдай оның мансабында мәңгі қалады», — деді Бауэрс.
Сондай-ақ ол Дензел Бентли реваншқа толық дайын екенін айтып, жекпе-жек алдында қатаң допинг бақылауын талап ететіндерін жеткізді.
Британдық тарап қарымта кездесуді Ұлыбританияда өткізгісі келеді. Ал реванштың биыл желтоқсанда өтуі мүмкін екені айтылуда.
Дереккөз: 1bol.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или