Асия Даир: «Қазақстанда теннис әлсіз»

Теннистен жастар арасында бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанған 20-жасар Асия Даир еліміздегі теннистің кемшіліктерін атап, болашақта Қазақстан туын көкке көтергісі келетінін айтты.

- Асия, үлкен тенниске қалай келдіңіз?

-Әкемнің нұсқауымен 2002-ші жылы Шымкентте тенниспен айналаса бастадым. Басында ағамызбен «Сұңқар» спорт кешенінде жаттыққанбыз. Кейін, Алматыдағы «Мақсат» теннис Академиясында тәлім алдық. Ағамнан гөрі менің теннистегі жетістіктерім молырақ болды. Жасөспірімдер арасындағы бірнеше жарыстарда жеңіске жетіп, жастар арасындағы әлемдік WTA рейтингісінде үздік 30 теннисшінің қатарына кіргенмін.

- Көп уақыт болды үлкен жарыстарға қатысып жүрген жоқсыз, неліктен?

- Оқуға байланысты уақытша тенниспен айналасуды тоқтаттым. Бір жылдан аса уақыт болды АҚШ-тың Бостон қаласында білім алып жүрмін. Boston College атынан түрлі жарыстарға қатысудамын. Бір кездері теннисті тастағым келген, бірақ қазір АҚШ-та тыңғылықты дайындалып, әлі де Қазақстан туын көкке көтеремін деген үміттемін.

- Жалпы, Қазақ теннисінің кемшіліктері жайлы айтып берсеңіз?

- Қазақстанда теннис әлсіз. Сондықтан да біздің теннисшілердің халықаралық турнирлердегі нәтижелері көңіл қуантарлық емес. Жалпы, Қазақстанда талантты спортшы кім десек, тек Головкин ғана еске түседі. «Зарина Дияс ше?» деп айтатындар да бар, бірақ Зарина тенниспен толыққанды Чехияда айналаса бастады. Зарина өзінің еңбегі арқасында биік белестерге жетіп, қазір үнемі үлкен жарыстарда бақ сынауда.

- Бұрындағы бір сұқбатыңызда Серена Уильямспен бірге жаттығу өткізгеніңізді айтқан болатынсыз. Бұл қаншалықты рас?

- Жоқ, мен онымен тек сөйлесіп, фотоға ғана түстім. Серена Уильямс – менің теннистегі кумирім. Оның үнемі шабуылдау стилі маған жақын. Өзбасым Серенаның ойынына еліктеймін. Сондай-ақ, маған Роджер Федерер мен Новак Джокович ұнайды. Аталмыш теннисшілердің бәрі – ұлы спортшылар.

Фотолар теннисшінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан алынған*

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или