Келесі жылы күрес түрлерінен әлем чемпионаты қайда өтеді?
2027 жылғы күрестен әлем чемпионатының өтетін орны жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
United World Wrestling мәліметі бойынша, бұл супертурнир 11 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін АҚШ-тың Лас-Вегаста өтеді.
Айта кету керек, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына (14-30 шілде, Лос-Анджелес, АҚШ) алғашқы жолдамалар 2027 жылғы әлем чемпионатында беріледі. Төрт жылдық кезеңнің негізгі жарысына тікелей жолдамалар тиісті санаттағы турнирдің барлық жүлдегерлеріне беріледі.
UWW сонымен қатар 2027 жылы басқа әлем чемпионаттарын өткізу құқығын алған қалаларды жариялады:
17 жасқа дейінгілер - Амман, Иордания (2-8 тамыз).
20 жасқа дейінгілер - Нови-Сад, Сербия (23-29 тамыз).
23 жасқа дейінгілер - Брашов, Румыния (18-24 қазан).
Аида Тойшыбекова Grand Slam турнирінде үшінші орын алды
Марат Байкамуров - Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның чемпионы
Qazaqstan Barysy Grand Slam: Талғат Орынбасар Олимпиада жүлдегерін жеңді