WTA мен ATP жарыстарының ойындары кейінге шегерілуі ықтимал
10 мамыр күні Римде өтуі тиіс WTA-1000 және ATP-1000 турнирлерінің матчтары ауа райына байланысты кейінге қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Championat.com мәліметінше, Италия астанасында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де жаңбыр басталып, кем дегенде 19:00-ге дейін жалғасады деген болжам бар.
Осы уақыт аралығында Карен Хачанов пен Ботик ван де Зандсхулп, Елена Рыбакина мен Александра Эала, сондай-ақ Диана Шнайдер мен Наоми Осака арасындағы матчтар жоспарланған.
Рим турнирінің қазіргі чемпиондары Жасмин Паолини мен Карлос Алькарас саналады. Паолини бұған дейін үшінші айналымда бельгиялық Элисе Мертенстен жеңіліп қалған. Ал Алькарас білегіндегі жарақатына байланысты жарысқа қатыспай жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или