Түркиядағы турнир финалына ирандық спортшы шықпай қалды
Ирандық теннисші Хана Шабанпур Түркияда өткен жасөспірімдер арасындағы жұптық турнирдің финалына шықпады, деп хабарлайды Prosports.kz.
10 мамыр күні Ыстанбұлда өткен финалда Шабанпур түркиялық Самие Идиль Өзкерестеджімен бірге ресейлік Ева Сұлтанова мен израильдік Маргарита Актугановаға қарсы ойнауы керек болған.
Алайда Халықаралық теннис федерациясының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Иран мен Түркия өкілдерінен құралған жұп финалдық матчтан бас тартқан.
Бұған дейін, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы бірнеше нысанға әуе соққыларын жасағаны хабарланған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или