Заңғар Нұрланұлы Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Заңғар Нұрланұлы Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты


Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Германияның Оффенбах қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан супер санаттағы ITF Juniors J500 турнирінің ширек финалына жолдама адды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Заңғар үшінші айналымда Латвия өкілі, жасөспірімдер рейтингісінде 50-орында тұрған Рихардс Нейманистан айласын асырды.

Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде жасөспірімдер арасында әлемнің 7-ракеткасы З.Нұрланұлы 6:3, 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті.

Өзара кездесуде есеп - 3:0, қазақстандық теннисшінің пайдасында.

Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шығу үшін испаниялық Тито Чавеспен (24 ITF Juniors) таласады. Матч 8 мамыр күні өтеді.

Дереккөз: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или