Қазақстан құрамасының Армения мен Мажарстанға қарсы ойынға шақырту алған ойыншылар тізімі анықталды

Қазақстан құрамасының Армения мен Мажарстанға қарсы ойынға шақырту алған ойыншылар тізімі анықталды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы өтетін жолдастық кездесулерге қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Кеңейтілген тізімге 36 ойыншы енді:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»).

Қорғаушылар: Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Арсен Әшірбек, Әділбек Жұмаханов (екеуі де – «Елімай»), Сұлтанбек Астанов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).

Жартылай қорғаушылар: Айбол Әбікен, Батырхан Тәжібай (екеуі де – «Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов, Бауыржан Исламхан (барлығы – «Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Иван Свиридов (екеуі де – «Елімай»), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Мағжан Тоқтыбай, Жасұлан Әмір (екеуі де – «Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей).

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 6 маусымда Ереванда Армениямен, ал 9 маусымда Дебреценде Мажарстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Алматыдағы футбол матчында жаппай төбелес тіркелді

Қазақстан кубогы: «Астана» өз алаңында «Тобылдан» жеңіліп қалды

«Қайрат» күтпеген жерден Қазақстан кубогынан шығып қалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или