Анарбековтың бұрынғы әріптесі: оны топ-деңгейден көремін деп үміттенемін

Анарбековтың бұрынғы әріптесі: оны топ-деңгейден көремін деп үміттенемін

Косоволық вингер Ілияс Зульфиу ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Жеңістегі» бұрынғы серіктесі, қақпашы Темірлан Анарбековтың кәсібилігіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оның бойында керемет қасиеттер бар. Оны мүмкіндігінше жоғарыдан, нағыз топ-деңгейден көремін деп шын жүректен үміттенемін. Темирлан – әлеуеті өте жоғары әрі өте еңбекқор жігіт. Ол Чемпиондар лигасының матчтарында өзін көрсете білді, сондықтан оған тек сәттілік тілеймін», – деді Зульфиу.

Бұған дейін португалиялық «Бенфика» мен «Спортинг» қазақстандық қақпашы үшін 2,5 млн еуро ұсынуға дайын екені хабарланған болатын.

Ілияс Зульфиу 2024 жылғы маусымда «Жеңіс» сапында 13 матч өткізіп, бір гол соқты.


ҚПЛ: Сегізінші тур матчтарына жиналған көрермендер саны жарияланды

Алматыдағы футбол матчында жаппай төбелес тіркелді

Қазақстан кубогы: «Астана» өз алаңында «Тобылдан» жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или