Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстан 1/8 финалға шығу үшін бақ сынайды
Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер құрамасы өз тобында үш кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне тікелей шықты.
Ал әйелдер құрамасы топтық кезеңде екінші орын алды. Кейін өтпелі кезеңдегі матчта Бельгияны 3:0 есебімен жеңіп, үздік 32 команданың қатарына енді.
Бүгін, 4 мамырда әлем чемпионатының 1/8 финалының жолдамасы сарапқа салынатын матчтар өтеді.
Қазақстанның ерлер құрамасы Испаниямен кездессе, әйелдер құрамасы Швецияға қарсы ойнайды.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или