Шымкенттегі «Челленджерде» бельгиялық теннисші жеңіске жетті

Шымкенттегі «Челленджерде» бельгиялық теннисші жеңіске жетті


Шымкентте өткен маусымдағы екінші топырақ «Челленджер» турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сында бельгиялық Бувайсар Гадамаури чемпион атанды. Әлем рейтингінде 320-орында тұрған теннисші финалға дейін төрт қарсыласын жеңіп, тек бір сетте ғана ұтылды.

Шешуші матчта ол үндістандық Манас Дхамнені 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңді. Бұл — 25 жастағы спортшының мансабындағы алғашқы «Челленджер» деңгейіндегі титулы.

Жұптық сында хорватиялық Адмир Календер мен Мили Поличак жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, осыған дейін өткен алғашқы турнирде жекелей сында өзбекстандық Сергей Фомин топ жарса, жұптық сында немістер Макс Ганс Реберг пен Макс Вискандт жеңіске жеткен еді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 63 мың долларды құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или