Олимпиада чемпионы тарихи рейтингте аталды

Олимпиада чемпионы тарихи рейтингте аталды

Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев барлық уақыттағы ең үздік әуесқой боксшылар рейтингінде 143-орынға жайғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Британдық сарапшы Мэтт Робинсон қазақстандық боксшының мансабын екі кезеңге бөліп қарастырған. Алғашқы жылдары ол Өзбекстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, Азия чемпионатында жеңіске жеткенімен, әлемдік жарыстарда тұрақсыз нәтиже көрсеткен.

Ал Қазақстан құрамасына ауысқаннан кейін және салмақ дәрежесін өзгерткен соң, Сәрсекбаевтың мансабы жаңа деңгейге көтерілді. Ол жартылай орта салмақта бірқатар мықты қарсыластарды жеңіп, құрлықтық жарыстарда табысқа жетті.

Оның ең басты жетістігі — 2008 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алуы. Сарапшының пікірінше, қол жарақаттарына қарамастан, Сәрсекбаев өз дәуірінің ең үздік боксшыларының біріне айналды.

Сондай-ақ ол Азия ойындарының жеңімпазы, үш дүркін Азия чемпионы және Өзбекстан чемпионатының жеті дүркін жеңімпазы. Қазіргі таңда Сәрсекбаев жаттықтырушылық қызметте, 2026 жылы Қазақстанның жастар құрамасын басқарды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или