«Фенербахче» Салахқа көз тікті
Мохамед Салах жазғы трансферлік кезеңде Ливерпуль клубынан кетіп, мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркияның Фенербахче клубы 33 жастағы шабуылшыны өз қатарына қосуға мүдделі. Клуб басшылығы футболшының өкілдерімен бірнеше мәрте келіссөз жүргізгені хабарланды.
Дереккөз мәліметінше, Салахтың тарапы жылына 20 миллион еуро көлемінде жалақы сұраған.
Айта кетелік, оның «Ливерпульмен» келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды болғанымен, ойыншы маусым соңында командадан кететінін мәлімдеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или