«Бавария» сегіз футболшысымен қоштасуы мүмкін
Мюнхендік «Бавария» бірден сегіз футболшымен қоштасуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда әңгіме негізгі құрамдағы ойыншылар туралы емес, басқа клубтарда жалға жүрген футболшылар жайлы: Жоау Палинья, Брайан Сарагоса, Саша Бой, Даниэль Перец, Арийон Ибрагимович және Александр Нюбель.
Олардың көпшілігінде, bavarianfootballworks.com мәліметінше, сатып алу опциясы бар, бірақ тек Бой мен Перецке қатысты бұл опциялар іске қосылады. Қалғандарын клуб өз бетінше сатуы тиіс болады. Сондай-ақ, Ким Мин-Дже мен Хироки Итоға жақсы ұсыныстар түссе, оларды да жіберуге рұқсат етіледі.
Покатилов ойнайтын «Сабах» Әзірбайжанда үздік шықты
Қазақстан кубогы: «Астана» өз алаңында «Тобылдан» жеңіліп қалды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или