Күрестен жаһандық дода елімізде өтуі мүмкін

Күрестен жаһандық дода елімізде өтуі мүмкін

Ресейдің спорттық күрес федерациясының басшысы Михаил Мамиашвили Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге негізгі үміткер екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашында турнир 5–13 қыркүйек аралығында Бахрейнде өтуі тиіс болған. Алайда Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты жарыс кейінге қалдырылды.

Мамиашвилидің айтуынша, чемпионат Азия елдерінің бірінде өтеді және басты кандидаттардың бірі — Қазақстан.

Ол сондай-ақ Қазақстанда турнир өткізу барысында визалық мәселелер туындамайтынын атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или