Жағажай Азиадасы-2026: Қазақстан күрестен жүлдесіз қалды
Қазақстан ұлттық құрамасы жағажай күресінен Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында жарыс жолын аяқтады.
Қазақстан сапынан үш спортшы жүлде үшін белдескенімен, медаль бұйырмады.
80 келіге дейінгі салмақта Ермахан Көшкінбаев қола жүлде үшін өткен белдесуде қытайлық Фэн Луқа 0:2 есебімен есе жіберді.
Әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта Бейбіт Сейдуәлі де қола медальға таласып, үндістандық Джасприт Каурдан 0:1 есебімен жеңілді.
Ал 70 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Алина Ертөстік қытайлық Ли Вэньцзиге жол берді. Қола жүлде үшін өткен белдесу 0:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін, 29 сәуірде Қазақстан су добынан жағажай Азиадасының қола жүлдегері атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или