Қазақстандық боксшы алтын үшін жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилиядағы World Boxing аясындағы Әлем кубогының бірінші кезеңінде финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келіге дейінгі салмақта ол жартылай финалда польшалық Анета Рыгельскамен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Графеева төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық боксшы турнирдің финалына шығып, алтын жүлде үшін күресетін болды. Ал Рыгельска жарысты қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Анета Рыгельска — 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2019 жылғы Еуропа чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или