Белгілі жайдарманшы күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі жайдарманшы күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының медиа саласы бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы белгілі әзілкеш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті (медиа саласы бойынша) қызметіне тағайындалдым. Бұл - мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерімді саламын. Жинақтаған тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды осы салаға бағыттап, бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін. Басты мақсат - ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру. Алда үлкен жұмыстар бар. Бірге дамимыз!», - деп жазба қалдырды.

Қазақстан балуандары Түркиядағы турнирде бірнеше жүлде еншіледі

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында жеті медаль еншіледі

Қазақстандық классиктер Азия чемпионатында төрт медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или